Кеңейтілген сүзгіні конфигурациялау

Есеп үлгісінде кеңейтілген сүзгі параметрлерін конфигурациялау үшін:

  1. Консоль ағашында өзіңізге қажетті Басқару серверінің атауы бар торапты таңдаңыз.
  2. Тораптың жұмыс аймағында Есептер қойыншасын таңдаңыз.
  3. Есеп үлгілері тізімінде, бұған дейін кеңейтілген сүзгі пішіміне түрлендірілген есеп үлгісін таңдаңыз.
  4. Таңдалған есеп үлгісінің контекстік мәзірінен Сипаттар тармағын таңдаңыз.
  5. Көрсетілген сипаттар терезесінен Сүзгілер бөлімін таңдаңыз.

    Есеп үлгісі кеңейтілген сүзгі пішіміне түрлендірілмеген болса, онда Сүзгілер бөлімі көрсетілмейді.

    Есеп үлгісі сипаттары терезесінде, Сүзгілер бөлімінде есепке қолданылған сүзгілер тізімін қарап, өзгерте аласыз. Тізімдегі әрбір сүзгі бірегей атауға ие және есептегі тиісті өрістерге арналған сүзгілер жиынтығы болып саналады.

  6. Сүзгі сипаттары терезесін келесі тәсілдердің бірімен ашыңыз:
    • Сүзгіні жасау үшін, Қосылуда түймесін басыңыз.
    • Қолданыстағы сүзгіні өзгерту үшін, қажетті сүзгіні таңдап, Өзгерту түймесін басыңыз.
  7. Ашылған терезеде сүзгінің міндетті өрістерінің мәндерін таңдап, көрсетіңіз.
  8. Өзгерістерді сақтау және терезені жабу үшін ОК түймесін басыңыз.

    Сүзгі жасап жатсаңыз, ОК түймесін баспас бұрын, сүзгінің атауы Сүзгі атауы өрісінде көрсетілуі тиіс.

  9. OK түймесін басып, есеп үлгісі сипаттары терезесін жабыңыз.

    Есеп үлгісіндегі кеңейтілген сүзгі конфигурацияланған. Енді сіз осы есеп үлгісін қолдана отырып, есептерді жасай аласыз.

Басына оралу